Бұл кәсіби күн АҚШ-та бастау алған. 1990 жылы Ұлттық ортопед мейіргерлер қауымдастығының қолдауымен алғаш рет атап өтілді. 2001 жылы Ұлыбритания, Канада, Мальта және Гонконг та мерекеге қосылып, оның халықаралық сипаты қалыптасты.
Қазақстанда 2006 жылы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен омыртқалы жануарлардың негізгі түрлерін қамтитын атлас басылып шықты. Онда балықтың 9, құстың 54 және сүтқоректілердің 18 түрі туралы дерек бар.
Басылымға Қызыл кітаптардың түрлі деңгейіне енгізілген, сирек ұшырасатын немесе жойылу қаупі бар түрлермен қатар ресурстық және кәсіптік маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар енген. Атлас оларды қорғауға назар аударуға шақырады: әр түрге қатысты таралу орны, мәртебесі, сыртқы ерекшеліктері мен тіршілік ету дағдысы беріліп, суреті қоса жарияланған. Материалда Қазақстанның сулы-батпақты жерлеріндегі биоалуантүрлілікті сақтау қажеттігі де көрсетілген.
Семей ядролық полигонына қатысты оқиға да 30 қазан күнтізбесіне енгізілген. 2007 жылы Еуропарламент депутаты Струан Стивенсон осы тақырыпқа арналған «Мәңгілік қасірет» кітабын шығарды.
Дереккөз: Kazinform

Пікірлер