Үндістанда қауіпті Нипах вирусын жұқтырудың бес дерегі тіркелді

0 8

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында аса қауіпті Нипах вирусын жұқтырудың бес дерегі тіркелді. Оның үшеуі соңғы апта ішінде анықталған.

Жергілікті билік індетті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдегенімен, мамандар инфекцияның әрі қарай тарау қаупі жоғары екенін ескертуде.

Ауру жұқтырғандардың арасында дәрігер, медбике және медициналық мекеме қызметкері бар. Сонымен қатар Калькутта қаласына жақын маңдағы жекеменшік ауруханада жұмыс істейтін тағы екі медбикеден вирус анықталған.

Дәрігерлердің мәліметінше, аталған екі науқаста дене қызуының көтерілуі мен тыныс алу жүйесінің бұзылуы байқалған. Қазіргі уақытта олар оқшауланып, қатаң медициналық бақылауға алынған.

Денсаулық сақтау органдары індет ошағында эпидемиологиялық қадағалау шараларын күшейтіп, науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Медициналық мекемелерде қосымша қауіпсіздік талаптары енгізіліп, қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын пайдалану міндеттелді.

Мамандардың айтуынша, Нипах вирусы – қазіргі таңда емі табылмаған, өлім-жітімі жоғары қауіпті инфекция. Ол көбіне жеміс жарқанаттары арқылы таралады, сондай-ақ адамнан адамға жұғуы мүмкін. Ауру белгілеріне қызба, бас ауруы, әлсіздік, тыныстың тарылуы, ал ауыр жағдайда ми қабынуы жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.