Юлия Руслановна 1992 жылы Түркістан облысында туған. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алған. Овечкина — Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын білім беру саласында бастаған: 2014–2016 жылдары Риддер қалалық білім бөлімінде білім сапасын бағалау бойынша менеджер, кейін бас маман қызметтерін атқарды. 2016–2017 жылдары Өскемен қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторын басқарды.
Одан кейін, 2017–2020 жылдары, Өскемен қалалық білім бөлімінде қорғаншылық пен қамқоршылық және балалардың құқықтарын қорғау секторына жетекшілік етті. 2020–2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.

Пікірлер