Саясат

Тоқаев Баладжи Шринивасанды «Достық» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдап, Қазақстандағы технологиялық экожүйені дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар Network School Kazakhstan жобасының бағыттарын және ынтымақтастықты талқылады.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Aqorda

Президент білім, ғылым мен цифрлық құзыреттерді дамытуға инвестиция салу технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталғанын айтты. Ол Network School жобасымен арадағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan желісінің ашылуын құптады. Жоба Қазақстандағы университеттермен, стартаптармен және технологиялық кәсіпорындармен байланысын кеңейтуді көздейді.

Кездесуде Баладжи Шринивасан жобаның негізгі басымдықтарын таныстырды. Олар цифрлық шешімдерді тарату, адам капиталын дамыту және инновациялық әзірлемелердің енгізілуіне қолайлы орта қалыптастыруды қамтиды. Шринивасан Қазақстанда заманауи технологиялар мен экономиканың дәстүрлі бағыттары қатар дамып келе жатқанын атап өтті.

Тоқаев жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасы келешек ұрпаққа маңызды мұра қалдыруға жол ашатынын айтты. Президент сондай-ақ Баладжи Шринивасанға Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Баладжи Шринивасанды жасанды интеллект пен инновацияның дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Дереккөз: Ақорда

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *