
Жалпы неліктен бізге АЭС керек?
Күнделікті өмірден мысал келтейік: үйде техника көбейген сайын ескірген розеткалар күшті көтермей, жарық жиі өшіп қалатыны бар. Елде де солай — зауыттар, жаңа үйлер көбейіп жатыр. Тоққа деген сұраныс жыл сайын артып келеді.
Ал көмір жағу табиғатқа қатты зиян.
Күн мен жел электр станциялары да маңызды, бірақ олар тұрақсыз. Мысалы күн батса немесе жел басылса, қуат азаяды.
АЭС — бұл үздіксіз, арзан әрі таза қуат берееді. Елімізде уран қоры жеткілікті болғандықтан, бұл экономика үшін өте тиімді қадам.
АЭС сияқты алып жобалардың құны орта есеппен 10–15 миллиард доллардан асады.
Бір станция бір мезетте бірнеше облысты немесе миллиондаған үйді тұрақты жарықпен қамтамасыз ете алады. АЭС бір рет салынса, ол 60–80 жылға дейін, яғни 2-3 ұрпаққа қызмет етеді.
АЭС салу — бұл ертеңгі күні қараңғыда қалмаудың, өндірісті дамытудың және ел экономикасын тұрақты ұстап тұрудың басты кепілі.

Пікірлер