Спорт

Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен күрестен әлем чемпионатының финалында қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Inform

Шешуші белдесуден кейін Қайпанов ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сұхбат беріп, финалдың өзіне қиын болғанын айтты. Оның сөзінше, ол жарысқа толық дайындалғанымен, өзіне тым үлкен жауапкершілік жүктеген. Командаластарының жеңілісінен кейін қазақ халқына қуаныш сыйлауды ойлап, қысым сезінгенін жеткізді.

Балуанның айтуынша, бозкілемге шыққанда жауапкершіліктің салмағы әсер етіп, аяқ-қолы бағынбаған. Финалда Ресей балуаны басым түсті. Қайпанов жанкүйерлердің қолдауына алғыс айтып, өз елінде олардың алдында күресудің өзі үшін маңызды екенін атап өтті.

Қайпанов жеңілістен кейін жаттығуды жалғастырып, алдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындалатынын мәлімдеді. Ол бұдан былай да осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететінін айтты.

Дереккөз: Kazinform

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *