Жаңалықтар

Хатам Шавхиев Жолдаудағы кәсіпкерлік пен құрылысқа қатысты бастамаларды бағалады

Астана қаласының кәсіпкері Хатам Шавхиевтің айтуынша, Қазақстан халқына арналған Жолдауда кәсіпкерлікке қолдау көрсету, экономиканы дамыту және құрылыс саласының мүмкіндігін арттыру мәселелері қамтылған. Ол бұл бағыттар бизнеске жаңа жобаларды қолға алуға жол ашады деп есептейді.

sert-informSERT INFORM тілшісі
Сурет: Inform

Шавхиевтің пікірінше, құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ұсыныстардың маңызы бар. Соның бірі — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыру. Бұл бастама әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің жұмысын тұрақты жүргізуіне және өндірістік әлеуетін өсіруіне көмектесуі мүмкін.

Кәсіпкер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өткізетін сатып алуларға шағын және орта бизнестің қатысу аясын кеңейту қажет екенін айтты. Жеткізушілерге қойылатын шарттарды оңайлату да осы ұсыныстар қатарында. Шавхиевтің сөзінше, бизнеске түсінікті және тұрақты талаптар отандық компаниялардың бәсекеге қабілетін күшейтеді.

Ол құрылыс саласының міндеттері тек жаңа нысандар салумен шектелмейтінін атап өтті. Сапалы, қауіпсіз тұрғын үй тұрғызу, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, жергілікті мамандарды жұмысқа тарту және қазақстандық құрылыс материалдарын кеңінен қолдану да маңызды бағыттарға жатады. Шавхиев құрылысты ел экономикасы үшін маңызды салалардың бірі деп атады.

Кәсіпкерге қолайлы орта қалыптастыру кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін факторлардың бірі екенін айтты. Оның пайымдауынша, мемлекет пен бизнес арасындағы сенімге құрылған әріптестік нығайған сайын экономиканы дамытуға мүмкіндік көбейеді.

Дереккөз: Kazinform

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *