Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев хабарлады. Оның айтуынша, «Эйр Карго» әуе кемелерін жеткізуге келісімшарт жасасқан.
Екі ұшақ алынғаннан кейін компания флотының жалпы саны 10-ға жетеді. Алғашқы әуе кемесінің қарашада келуі, ал екіншісінің наурыз айында жеткізілуі жоспарланған.
Кеше Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Air Cargo» жеке компаниясының қаржылық мүмкіндігі барын және дербес шешім қабылдай алатынын атап өтті. Оның айтуынша, компания шетелдік жетекші мамандардың еңбекақысын төлеуге де қауқарлы, алайда әзірге нақты шешім мен нәтиже жоқ.
Дереккөз: Kazinform

Пікірлер