Жамбыл облысы

Жамбыл облысында полиция 9 дрон сатып алды, тағы 20-сын жоспарлап отыр

Жамбыл облысында полиция қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылау үшін цифрлық құралдарды енгізіп жатыр. Өңірлік полиция департаменті биыл 9 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алып, 2027 жылы тағы 20 аппарат алуға өтінім берген.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Jambylinfo

Жамбыл облысында полиция бөлімшелерінде ұшқышсыз аппараттарды пайдалану, электрондық бақылау жүйелерін дамыту және цифрлық радиобайланысқа көшу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар құқық бұзушылықтарды уақытында анықтауға, қызметкерлер арасындағы байланысты жақсартуға және оқиғаларға жедел әрекет етуге бағытталған. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Турдалиев хабарлады.

Жыл басында аппараттарды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткен. Алайда «Еңбек» республикалық мемлекеттік өндірістік кәсіпорнында талаптарға сай отандық құрылғылар болмаған. Облыс әкімдігіне қосымша 11 аппарат алуға қаражат бөлу туралы өтінім жіберілгенімен, қолдау таппаған. Ал 2027 жылы әртүрлі модификациядағы 20 аппарат сатып алуға өтінім берілді.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі үшін облыста 2025 жылы 6 «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» кешені орнатылды. Қазір мұндай кешендер жұмыс істейді, ал жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруда цифрлық жүйелер де қолданылады.

Арман Турдалиевтің айтуынша, цифрлық шешімдер полицияның жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтіп, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты міндеттерді орындауға көмектеседі. Өңірде электрондық бақылау жүйелерін дамыту және полиция бөлімшелерін цифрлық радиобайланысқа көшіру де жалғасып жатыр.

Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *