Басты жаңалық

Жолдауда цифрлық жұмыспен қамту мен ауыл жастарына мүмкіндік сөз болды

Президент Жолдауында цифрлық экономиканы дамыту, жастарды жұмыспен қамту және ауыл жастарының мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді. Бұл бағыттарға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Мұхтарова тоқталды.

sert-informSERT INFORM тілшісі
Сурет: Inform

Мұхтарованың айтуынша, Жолдауда жастарға қолдау көрсету ғана емес, олардың ел дамуына белсенді араласуы және әр азаматтың жауапкершілігі де назарға алынған. Ол халыққа қолжетімді цифрлық экономиканы дамыту бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Сарапшы интернетті ақпарат тұтыну мен көңіл көтеру алаңы ретінде ғана қарастырмай, еңбек етуге, кәсіп бастауға және жаңа өнім жасауға мүмкіндік беретін кеңістікке айналдыру қажет деп санайды. Оның сөзінше, смартфон адал табыс табуға көмектесетін құрал болуы тиіс.

Мұхтарова Үкіметтің жыл соңына дейін цифрлық жұмыспен қамтуды жеңілдетуге арналған арнайы құқықтық режим әзірлеу жоспарын да атады. Жоспар фриланс, интернет-сауда, цифрлық платформалардағы жұмыс пен контент өндіруді реттеуге бағытталған. Сарапшы мұндай қызмет түрлері жастардың өмір салтына сай келіп, кәсіби дағдысын жетілдіруге және еңбек нарығынан орын табуға мүмкіндік беретінін айтты.

Оның пікірінше, адамның мүмкіндігі тұратын жеріне тәуелді болмауы керек: ауыл жастары қаладағы құрдастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алуы қажет. Мұхтарова бұл ойды Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі ретінде атады.

Дереккөз: Kazinform

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *