Ақмола облысында көлік пойызбен соқтығысты: қаза тапқандар бар

0 27

30 қазанда түнде Степногорск-Заводский тасжолында жолаушылар мінген жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, — деп хабарлайды sert-inform.kz

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Audi B4 маркалы автокөлік үш бос цистернасы бар локомотив құрамымен бір жолды теміржол өткелінде соқтығысқан.

«Апат салдарынан оқиға орнында көлік жүргізушісі қаза болды, екі жолаушы ауруханада қайтыс болды, тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен Степногорск ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады полиция.

Leave A Reply

Your email address will not be published.