Бақыт іздеген адам бақытсыз болады

0 17

Бұл туралы Абайтанушы Омар Жалел Sert inform подкастында сұхбат берді.

Қазір Омар Жәлел қайда жүр?

-Қазір Түркістан қаласындамыз. Біз еркін мамандық иесіміз, фриланс деген нәрсе кірген. Шетелде бұрыннан бар. Бізге енді келіп сол еркін шығармашылық жұмыстамыз,- деп жауап берді Омар Жәлел.

 

Қазақтың бағы неде? Соры қайда?

-Бағы да, соры да өзіне байланысты болып тұр. Қайда деп іздейтін ешнәрсесі жоқ. Адамға бақ қону үшін, миын жұпар аңқыған баққа айналдыру керек. Егер өз миыңды ешнәрсе өспейтін, өнбейтін сорға айналдырсаң онда сорға айналады. Оны алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бүгінгі қазақтың бағы толық ашылған жоқ әлі. Себебі, қазақ өз бағын баптай алмай отыр. Ешкім еш жақтан не бақты, не сорды акеліп бермейді. Бағалағанға бақ қонады демекші, басқа қонған бақты бағалау керкепіз,- деді Омар Жәлел.

 

Құлдық сана өзгеру үшін бір ұрпақ ауысу керек па?

-Барлық нәрсені өз атымен атауымыз керек. Біздер солай жасай алмай отырмызғой. Әр нәрсені өз атымен атаған адам дұрыс ойлайды, дұрыс ойлаған адам дұрыс сөз сөйлейді. Ал дұрыс сөз сөйлеген адамның іс-әрекеті де дұрыс болады. Біз қазір бір нәрсені мойындауымыз керек. Ол біздің кезінде отар болғанымыз. Мәселе, біз ауқымды процессті елестете алмай отырмыз. Себебі, бізді отарлаған елден қорқып отырғандаймыз. Мәшхүр Жүсіп атамыз айтады «Жасқанған тірі қалмайды, жағаласқан тірі қалады» деп. Біз орыспен немесе Қытаймен жағаласпаймыз. Өз нәпсімізбен жағаласамыз, қорқынышымызбен күресеміз. Сол қорқыныштың аты отаршылдық. Енді біз отарсыздануды қолға алуымыз керек. Отарсыздану институтын ашуымыз керек,- деді  Омар Жәлил.

Толық сұхбат:

Leave A Reply

Your email address will not be published.