Шымкентте 370 миллион теңге пара алған полиция бастығы ұсталды
Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық полиция департаменті қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Абдалин ұсталды деген ақпарат тарады.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, аталған факті бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданды. Кінәлілер заңға сәйкес жазаланады,- деп хабарлайды sert-inform stan.kz сайтына сілтеме жасап.