Өңірде жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істейді
Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істейді, оның ішінде:
— 6 су электр станциясы қуаты 24,4 МВт;
— 10 жел электр станциясы қуаты 275,65 МВт;
— 6 күн электр станциясы қуаты 271,25 МВт,- деп хабарлайды ӨКҚ
Облыста бірқатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылды
Соңғы 3 жылдың ішінде облыста бірқатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылды.
Атап айтқанда, 2021 жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі құны 49 млрд. теңгені құрайтын қуаты 100 МВт «Жаңатас» жел электр станциясы пайдалануға берілсе, қуаты 9,2 МВт құрайтын «Тасөткел» су қоймасындағы су электр станциясының 2-ші кезеңі іске қосылды.
2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 МВт «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 МВт құрайтын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» 3 жел электр станциясы (әр қайсысының қуаты 4,5 МВт) жобасы іске асырылды.
2024 жылдың қаңтар айында Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталып, іске қосылды.