Астана көшесін неге су баса береді? – әкім түсіндірді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек неге қала көшелеріне су тола беретінін айтты.
Мұндай жердің (еск. — су басатын) саны 200-ден астам еді, қазір 4 жер қалды. Биыл күзде үлкен жұмыстар атқарылды. Қосымша коллекторлар (су ағарлар) салынып, су сорғылар қойылды. Енді көктемде Тұран даңғылыныда және Мәңгілік ел көшесінде мәселе болмайды деп жоспарлап отырмыз, — деді Жеңіс Қасымбек.
Әкім қалада көшелер саны артып жатқанын, алда су басатын көшелер пайда болуы мүмкін екенін де айттыы.
Осыған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бас шаһардағы мектеп тапшылығы қалай шешілетінін айтты. Астанада неге қоғамдық көлік жетіспейтіні туралы да айтылды.