Ақтөбеде тікұшақ құлады
Әзірге оқиғаның анық-қанығы белгісіз, деп хабарлайды sert-inform.kz
Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі.
МИ — 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі — техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, — деді Қорғаныс министрлігінен.