Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған.
Қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгердің 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптары жарық көрді.
Жазушының «Менің атым Қожа» повесі 68 тілге аударылды. Шығарма желісімен түсірілген кинокартина 1967 жылы Канн кинофестивалінің арнаулы жүлдесіне ие болды.