Бексұлтан Боранбек: 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға қатысамын

0 254

Бүгін Бексұлтан Боранбекті жамбылдықтар сән-салтанат құрып қарсы алды. Әлем чемпионы Бексұлтан Боранбек 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиадаға қатысатынын айтты. Бексұлтан Боранбек жерлестеріне  алғысын білдірді.

 Әр спортшының арманы- көк туды көтеру.  Ол өте ерекше сезім. Қаншама ағаларымыз осы жолмен жүрген. Біз ағаларымыздың артынан еріп келе жатқан жас буынбыз,- дейді 18 жасар чемпион.

2 жылда Азия чемпионатына қатыстым. Бірінші Азияда 2 орын алдым. Екінші Азияда 3 орын алдым. Одан кейін жақсы дайындалып, осы әлем чемпионатына күш салдым,- дейді спортшы.

Айта кетейік, Бексұлтан Боранбек жастар арасында бокстан 2024 жылғы әлем чемпионы.

Жуалының атын шығарып жүрген былғары қолғап шеберін шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.