Биыл Елордаға қанша турист келді

Статистика жарияланды

0 12

Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бас қалаға 1 097 413 адам келді. Олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды.

2024 жылы туристер елордаға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келді. 1 097 413 адамның 261 964-і немесе 23,9 пайызы – шетелдіктер, – деп қосты ведомство.

Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркелді. Сонымен, маусымда қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Елорда ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналды. Биыл қалада Automechanika Astana 2024, Eurasian Book Fair, Astana Half Marathon халықаралық көрмелері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен Comic Con заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің концерті, Enactus World Cup 2024 студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т.б. сияқты ірі іс-шаралар өтті.

2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды. Осы бастамашыл жыл аясында елорда 6 ірі іс-шараны жүзеге асырды:

  1. «Қытайдағы қазақстандық туризм жылының» ашылуы мен жабылуы (2024 ж. 28 наурыз), онда бас қала туристік әлеуетті үздік көрсеткені үшін Гран-При және Қытай нарығында үздік ілгерілегені үшін марапатқа ие болды;
  2. Қытай туризм академиясының президенті Дай Биннің, MaFengWo маркетингтік компанияларының, С-trip, Қытай туристік қауымдастықтары мен туроператорларының қатысуымен Қазақстан-Қытай бизнес диалогы (2024 ж. 14 қараша) ұйымдастырылды;
  3. Қытайдың 7 қаласынан (2024 ж.13-16 қараша) 25 туристік қоғамдастық өкілдеріне арналған ақпараттық тур. Бейжіңде (2024 ж. 18 қазан) роуд-шоу өткізілді және China International Medical Tourism Beijing (2024 ж. 21-23 қараша) халықаралық медициналық көрмесіне қатысты. Бұл елорданың заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін айтарлықтай нығайтты.

2024 жылғы 30 қазанда Visit Astana бренді әлемнің түкпір-түкпірінен туристік саланың 240-тан астам компаниясын біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болғанын атап өткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.