Дін мен мәдениеттің байланысы бар ма? Санжар Керімбаймен сұхбат

0 68

Шығыстанушы, ағартушы Сержан Керімбай sert.inform подкаст студиясының қонағы болды. Қоғамдағы бірнеше өзекті сұрақтарға ұтымды  жауап берді.

Санжар Керімбайдың шығармаларында қазақ дәстүрінен үзіп тастай алмайтын тұсы

Қазақ халқына тән ерекше тұсы, ол ауыз әдебиеті. Оның ішінде жыр, қиса, дастандар. Кезінде Мұхтар Әуезов те осы салаға күш салған. Осыған дейін жыр жаттау қажеті жоқ делінді. Бірақ, елдің бәрі қазір сөзге тәуелді. «Өнер алды-қызыл тіл» деген осыдан шығады. Яғни, ең алдымен сөз түзеліп, ойды дұрыс жеткізе алатын, бір сөзбен тоқтата алатын сөздің киесін қайтарып алмайынша, құр математика оны тоқтата алмайды. Сондықтан қазіргі таңда кітаптарымыздың бәрінде осыған күш салып жатырмыз,-деп жауап берді Санжар Керімбай.

Дін мен мәдениет байланыса алады ма?

Мәдениет тудыра алмайтын дінді «дін» деп айта алмаймыз. Дін мәдениет немесе ғылым тудырушы зат болу керек. Сол себепті, діннің ғасырдан  ғасырға, күннен күнге жалғасып кете беретін себебі, бойында ғылым мен мәдениет тудыра алатын қуаты бар. Ал егер, мәдениет пен дінді туғыза алмай, керісінше төл мәдениетінен, салт-дәстүрлерінен айырылып қалатын болса, ендеше оған дін деп атау бермейміз. Дін деген абстракты нәрсе. Ол көзге көрінбейді. Сол себепті, ол көзге көрініп сыртқа шыққан сәтте ол мәдениет деп аталады. Ал,тағы көрініс берсе ғылым болады. Яғни, дін әртүрлі жолмен түсіндіріледі,-деді Санжар Керімбай.

Балаға еркіндік берудің шегі қандай?

Ғылымда «еркіндік не үшін берілген?»  деген сұраққа жауап беріліп қойған. Ол жауапкершілік арқалау үшін берілген. Жауапкершіліксіз құр еркіндік берілсе, бала жарға барып соғылады. Балаға жаман нәрсеге жоламаңдар деп айтсаң, бірақ оны  өзің жасамайтын болсаң «бидің айтқан сөзін құлда айтады,бірақ құлдың аузының дуасы жоқ»  деген сияқты, сөзіңнің мәні болмайды. Сондықтан өз балаларыма мүмкіндігінше жауапкершілік жүктеуге тырысамын,-деп жауап берді.

Қоғамда әйелдер алдыңғы қатарға шығып кеткен жоқ па?

Бұл сұраққа оңай жауап табатын ол ғылым. Ағылшынша былай айтылады,  «ер-азамат үлкен жауапкершілік арқалау үшін өмір сүреді, ал әйел адам үлкен жауапкершілік арқалаған ер-азамат үшін өмір сүреді» дейді. Яғни, әйел адам алдыға шығып кеткен жоқ, алдыңғы шеп бос тұр, еркектер жоқ. Егер біз ер баланы халықты өрге сүйрейтін азамат бол деп тәрбиелейтін болсақ сол азамат алдыңғы шепке барып тұрса, ондай еркектің алдына бірде-бір қыз-бала түспейді. Сол себепті мен қыз-балаларды кінәләй алмаймын,-деп жауап берді Санжар Керімбай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.