Елде қанша көлік бар

2024 жылғы қазанда 170,4 мың автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% көп.

0 19

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елде тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 652,4 мың, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлесі (43,9%) 1500-2000 см3 көлеміндегі жеңіл автомобильдеріне тиесілі. Қозғалтқыш көлемі 1500 см3 дейінгі жеңіл көлік үлесі – 19,3%, 2000-2500 см3 аралығында – 17,4%, 2500-4000 см3 – 14,9%, 4000 см3 жоғарылар – 1,9%.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см3 аралығындағы жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 232,9 мың, Алматы – 217,4 мың және Астана қалаларында – 168,7 мың, сондай-ақ, Қарағанды облысында – 158,2 мың.

Leave A Reply

Your email address will not be published.