Елімізде тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

0 13

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СК-Фармация» Абай облысына медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактісін анықтады. Салдарынан тегін дәрі-дәрмек жетпей, пациенттер оны өз қаражатына сатып алған. 

Медициналық мекемелерде жағдайды жасыру үшін «жалған рецепт» жазылған. Құжатта пациенттер дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.  

Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханасында Денсаулық сақтау министрлігінің «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмекті алудың балама әдісі, алайда оң нәтиже көрсетуде», — деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды. Қорытындысына сәйкес республика бойынша масштабтау жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.