Жамбылда «Бизнеске жол» жобасы аясында 2000-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
«Бизнес жол» жобасы шеңберінде кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен жиі ұштасатын салалар зерделеніп, олар бойынша 11 кейс анықталып, департаменттің ұсынымдарынан кейін 2143 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Мысалы, Жуалы ауданының кәсіпкерлері «Ауыл Ел Аманаты» жобасы шеңберінде 3 айдан астам уақыт бойы жеңілдетілген кредит ала алмаған.
Департаменттің ұсынысы бойынша 13 кәсіпкердің несие алуға өтінімдері мақұлданып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады.