Жамбыл облысында 2,4 млрд теңгеден аса мүлік тәркіленді
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылғы жұмысының қорытындысын жариялады.
65 қылмыстық іс өндірісте болса, оның 50-і Департаментпен тіркелген.
48 іс сотқа жолданып, 73,85%-ы ақталмайтын негізде тоқтатылды.
Анықталған қаржылық залал – 2,4 млрд теңге, оның 679 млн теңгесі өтелді.
Сот шешімдерімен 2,5 млрд теңгеден астам мүлік тәркіленді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ!
Экономикалық қылмыстармен күрес күшейе түсуде!
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Руслан Касымов хабарлады.