Жуалы ауданында мейрамхана өртенді
Облыстық ТЖД мәліметінше 29 қыркүйекте сағат 20:48-де Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылында «Қаракөз» мейрамханасында өрт шыққан.
Қызыл жалын 400 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың жалпы аумағы 1500 шаршы метр.
Өрт 22:03-те оқшауланып, 23:34-те толығымен сөндірілді. 250 адам эвакуацияланды.
Оқиға орнына 52 адам және 12 бірлік техника жөнелтілді.
Өрт салдарынан 4 мейрамхана қызметкері аудандық ауруханаға дереу жеткізілді.
Сондай-ақ денесінің 2%-ын 1-2 дәрежелі күйік шалған бір жұмысшы хирургия бөліміне жатқызылды.
Өрттің себебі мен материалдық шығыны анықталуда.