Интернет алаяқтық: 11 765 қылмыс тіркелген
1 қыркүйектен бастап микрокредит алуға өзіне тыйым сала алатын заң нормасы күшіне енді. Шектеуді электронды үкіметтің веб-порталы арқылы кез-келген уақытта алып тастауға да болады.
Несиеден өз еркімен бас тарту — ақылға салмай несие рәсімдеуден бөлек, несие алаяқтарынан қорғанудың тәсілі.
Интернет алаяқтыққа байланысты ағымдағы жылдың 8 айында 11 765 қылмыс тіркелген. Былтыр сол уақытта 11 613 болған.