Көкшетаулық ата-аналар мектеп дәретханасына бейнекамера орнатылғанын құптап отыр

Мектеп әкімшілігі бейнебақылаудың тек ұлдар баратын дәретханаларға орнатылғанын растады

0 18

Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде барлық дәретханаға бейнекамералар орнатылды. Бұл бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар бар. Бірақ кейбірі бейнебақылаудың болғанын қолдап жатыр.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дәретхананың бұрышына бейнекамераның орнатылғаны анық көрініп тұр. Бірақ кабинкалардың есігі жабылса, іші көрінбейді. Кейбір ата-ана бұл бастаманы қолдап отыр.

Өте дұрыс, қолдаймын. Ерікеннің ермегі емес, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Туалетте улкен балалар кіші балаларға тиісуі мүмкін, — деп жазды олардың бірі.

Мектеп әкімшілігі бейнебақылаудың тек ұлдар баратын дәретханаларға орнатылғанын растады. Оны қауіпсіздік үшін жасап отыр. Себебі бұған дейін мүлікті қирату фактісі болған. Сондай-ақ дәретханада жасөспірімдер екі рет төбелескен.

Құрметті ата-аналар! Бұл – алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өздеріңіз білесіздер, барлық тәртіп бұзушылықтар әжетхана ішінде болады. 25 қарашада ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс өткіземіз. Сонда видео арқылы тек әжетхананың дәлізі ғана түсіп тұратыны көрсетіледі. Біз балалардың құқығы бұзылмағандығын көрсетіп, түсіндіреміз, — дейді мұғалімдер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.