Мемлекеттік марапаттарға тағы 9 құрметті атақ қосылады

0 13

Оның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапаттар жүйесіне қосылатын құрметті атақтардың біреуін атады, деп хабарлайды sert-inform.kz.

Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында президент өз Жолдауында жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсынғанын еске салды.

— Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ келесі жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болады.

— Жыл бойы біз нағыз еңбек адамдарын жоғары деңгейде ұлықтайтын боламыз. Бұл қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу жылы болмақ, — деді президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.