Мемлекет басшысы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды.
Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.
Сонымен қатар Президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға құттықтау жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар араб әлемінің саяси ықпалы және трансформациясына қатысты талдау материалы жарияланды. Аталған мақалада кейінгі 5 жылда араб елдерінің саяси ықпалы олардың өзгермелі халықаралық реалияға бейімделу қабілетінің арқасында айтарлықтай арта түскені айтылған.