Талғар әкімі сайлауы нәтижесі жарияланды. Соған сәйкес, ең көп дауыс жинаған Арыстанбек Абилхаирұлы әкім болып сайланды.
Айта кетейік, сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 12 875 сайлаушы қатысты.
Жалпы 3 адам әкімдікке үміткер ретінде тіркелді:
- Абилхаирұлы Арыстанбек 9071 дауыс жинады;
- Жәнібек Каденов үшін сайлаушылардың 1875-і дауыс берген;
- Әлібек Рамазановқа 1140 азамат дауыс берді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 182.
Сайлау қорытындысы бойынша Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды, — делінген ресми ақпаратта.
Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС -нің директоры, Талғар қаласының тұрғыны.