Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

0 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, — делінген Ақорда хабарламасында.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.