ЭКО ЖАСАТУ – НЕКЕСІЗ БАЛА ТУУ
SERT-INFORM подкастының кезекті қонағы – психолог Ләззат Мырзаш
Эко жасату жайлы пікірі қандай?
-12 жыл тұрмыста болғанда эко жасату да ойда болды. Сол кезде бірнеше имам айтты, бала болмауы — ол отбасының ажырасуына себеп емес. Сенің тағдырың ба, яғни мойындауың керек. Ал сен өмірге ұрпақ алып келгің келеді. Экода бөтен ұрықты сенің жатырыңа салады және бұл дінімізде дұрыс емес дүние болып табылады. Тек өз күйеуіңнің ұрығын салдыра аласың. Сонымен жасай алмадық,-деді Лззат Мырзаш.
Ғылымнан іздеген махаббатыңызды таба алдыңыз ба?
-Есептеп қарасам 12 жылдан асыпты. Ғылымнан іздегенімді толық таптым демесемде, керегімді таптым. Өміріме керек көптеген сабақ, тәжірбие, махаббат пен сүйіспеншілікті әлі де алып жатырмын. Қырғызстанда 3 жыл магистратура оқыған кезде 4 жыл бакалаврда алмаған ілімді алдым деп айтсам болады,-деп жауап берді Ләззат ханым.
Омар Жәлелмен қалай таныстыңыз?
-Басты себеп — “Харекет” кітабы. Әйел адамның бала тууы жайлы жазылған мәтінге қойылған сұрақтарыма нақты жауып алдым. Асырап алған, сырқат қызыммен мені кім алады деп сұрағанымда, “мен аламын”,-деп жауап берді. Бірақ бұл ұсынысқа жоқ дедім. Бір күні Тараздан Түркияға қонақ екі әйел кісі келді. Сол кісілер әңгімемді естіп, ақылдарын айтып себепші болды десем болады. Солай келісіп жауап бердім. Бір күн ішінде ұшып келді. Молдаға барып неке қидырдық,- деп жауап берді Ләззат Мырзаш.
Үшінші әйелге рұқсат бересіз бе?
-Бұл жеке отбасымызға қатысты тақырыптар ғой. Дегенмен, дәл қазір менің балаларым ең үлкен салмақты алып тұр. Барлық энергиямды солардың тәрбиесіне, болашағына беремін. Сол себепті, ол кісі өзі шешеді,-дейді Ляззат Мырзаш.
Тағы да қызықты сұрақ-жауапты сілтеме арқылы көре аласыздар: