Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада

0 17

Krisha.kz еліміздегі пәтерлердің құнын зерттеді. Қазір баспана қанша тұратынын, қай қалада арзан, ал қай қалада қымбат екенін анықтады, деп хабарлайды sert-inform.kz.

Қазақстанда пәтер қанша тұрады

Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:

1 бөлмелі — 13 млн тг;

2 бөлмелі — 19 млн тг;

3 бөлмелі — 25 млн тг.

Бұл — 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.

Ең арзан пәтер қайда

Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.

1 бөлмелі — 7.5 млн тг;

2 бөлмелі — 12 млн тг;

3 бөлмелі — 16 млн тг.

Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.

Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:

— Тараз;
— Талдықорған;
— Жезқазған.

Бұл жақтарда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9.5-10.5 млн аралығында, екі бөлмелісі 14 млн тұрса, үш бөлмелі баспананың бағасы 21–23 млн теңгеге жетеді.

Қазақстандағы ең қымбат пәтер

Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы — Алматы.

Биыл қарашадағы бағалар:

1 бөлмелі — 24 млн тг;

2 бөлмелі — 36 млн тг;

3 бөлмелі — 44 млн тг.

Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:

1 бөлмелі — 18 млн тг;

2 бөлмелі — 26.8 млн тг;

3 бөлмелі — 39.5 млн тг.

Үштікті Шымкент түйіндейді:

1 бөлмелі — 15.5 млн тг;

2 бөлмелі — 22.5 млн тг;

3 бөлмелі — 28.5 млн тг.

Leave A Reply

Your email address will not be published.