Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды

0 17

Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

— «ҚМА интернеттегі қаржы пирамидалары мен алаяқтық жобаларды жарнамалайтын контентті анықтау үшін арнайы аналитикалық жүйені қолданады. Жүйе ұйымдастырушыларды анықтап, олардың қызметін тоқтату бойынша шаралар қабылдайды», — деп жазылған хабарламада.

Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан бері:

  • 28 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
  • 12 мыңға жуық сайт, 300-ге жуық чат пен әлеуметтік желідегі аккаунт бұғатталды;
  • Telegram-бот «Baiqa piramida» арқылы азаматтардан 9 мыңнан астам сұрау қаралды.

Отырыста Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығындағы делдалдарды анықтау жұмыстары туралы есеп берді. Кеңес мүшелеріне электронды шот-фактуралар деректерін пайдалана отырып, сауда үстемелерінің жоғарылауын автоматты түрде анықтайтын аналитикалық жүйе таныстырылды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды бақылау нәтижелері:

  • Агенттік жыл басынан бері өңірлік комиссияларға 650-ден астам материал жолдады.
  • Әкімшілік жауапкершілікке 350 адам тартылды.
  • Мемлекеттік мекемелердің қатысуымен 600-ден астам ұйым мемлекеттік сатып алу шарттарын қайта қарап, 350 миллион теңгеден астам бюджеттік қаражат үнемделді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.