Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде 19, 20 және 21 қыркүйекте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың солтүстік бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Өңірлердің басым бөлігінде жел күшеюі мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында күн әлі де салқын болады. Температура +2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.