Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті болды.
Olympic.kz мәліметінше, Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты.
Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды, – делінген ақпаратта.
Конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Бұған дейін жеңіл атлетика фелерациясының президенті ауысқан еді.