Қоғамдық көліктердің қатары жаңа 20 автобуспен толықты
Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
«ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік «Isuzu» маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-еуі №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады.
Ал «RashLau» ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-еуі №13 маршрутқа берілсе, 2-еуі №18 бағытты толықтырады. Өзбекстанда шығарылған 70 адамға арналған аталмыш автобустың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.
Жалпы үш жылға бағытталған даму картасы аясында Таразға 2023 жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 155 автобуспен толықты.
Осылайшабиылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды.