Қызылордада сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз ісі: 11 адам қамауға алынған

0 15

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке салып, қинаған деп күдікке ілінген 11 адам қамауға алынған, 2 адам үйқамақта отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Бүгінгі таңда бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, 11 адам қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр», — деді ол.

Лепеха жәбір көрген қызды сатып алғандар да тексерілетінін мәлімдеді.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, құлдықта ұстаған. Олар қызды ұрып-соғып, азаптап, бопсалап, қорқытқан. Қыздың тәнін саудалай отырып айына кемінде екі-үш миллион теңге табыс тапқан.

Қазір қыздың қызметін бірнеше рет пайдаланған 200 ер адам тергеліп жатыр. Таяуда белгілі болғандай, жәбірленушінің банк картасына 100 мыңнан аса жалпы сомасы 13 млн теңгеге жуық аударым жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.