Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі арнасын жойды

Бұған қоса, 300 келі есірткі тәркіледі

0 13

ҰҚК ірі есірткі арнасының жолын кесті.

Биылғы жылдың 4 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ақтауға есірткі жеткізу арнасын жойды.

— Осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді, – деп мәлімдеді ҰҚК.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.