Өзбекстанда балаларды ұрып-соғуға заңмен тыйым салынды

0 13

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ата-аналарға балаларын тәрбиелеу кезінде ұруға тыйым салатын заңға қол қойды.

Заң 2025 жылдың 15 мамырында күшіне енеді.

Сондай-ақ құжат мектепте де физикалық ауырлық көрсету мен зорлық-зомбылықтың басқа түрлеріне тыйым салады.

Зардап шеккен бала уәкілетті органдарға немесе сотқа хабарласып, арнайы орталықтарда немесе сенім телефоны арқылы тегін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және медициналық көмек алуға құқылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.