1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Президент жылы лебізін білдірді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!» – деп жазды Президент өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.