1 маусымнан бастап жүк көліктеріне жазғы шектеулер енгізіледі

0 45

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлағандай, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарында ауа райының ыстық болуына байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл шаралар жол жамылғысының бұзылуын болдырмауға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Шектеу мерзімі мен уақыты өңірлерге байланысты бөлінеді:

🔹 Оңтүстік және батыс өңірлерде (1 маусым – 31 тамыз):
Ауа температурасы +25°C-тан жоғары кезде, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін
Қамтылатын аймақтар: Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстары.

🔹 Солтүстік және шығыс өңірлерде (1 маусым – 15 тамыз):
Ауа температурасы +25°C-тан жоғары кезде, сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін
Қамтылатын аймақтар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жоғары температурада асфальт жұмсарып, ауыр көліктер салдарынан жол жамылғысы бұзылып, ойықтар мен жарықтар пайда болуы мүмкін. Уақытша шектеулер жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартып, жөндеу шығындарын азайтады.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүк тасымалдаушыларға белгіленген тәртіпке бағынуды және өз бағыттарын жаңа кестеге сай алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.