«18 жасқа кіші»: Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленуге ниетті екенін айтты
Белгілі актер әрі тележүргізуші Дәурен Айдарқұлов жеке өмірі туралы оқырман сұрағына жауап беріп, тағы да үйленуге қарсы емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.
Оқырманның: «Әйеліңіз өзіңізден 18 жасқа кіші болса, қалай қабылдар едіңіз?» деген сұрағына актер еш ойланбастан оң жауап беріп:
«Ол бұрынғыдан да жасырақ көрінуге мүмкіндік береді», — деп жауап қатқан.
Айдарқұловтың бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі оны қолдаса, енді бірі оның жеке өміріне қатысты сын айтты.
Желіде қызу талқы:
Пікірлер легі төмендегідей:
«Екі әйелің де тамаша адамдар еді. Өзіңде барды бағала»
«Бұған жап-жас қыз тиеді деп ойлап отыр ма?»
«Екі рет ажырасып, бірінші әйелінің көзіне шөп салған»
«Мынау тағы да әйел алмақшы ма?»
«Сізге бұл тақырыпты қозғамаған жөн»
Актердің жеке өмірі — ел назарында
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов бұған дейін бір рет үйлнгіп, одан кейін актриса Ақбота Сейітмағамбетпен отбасы құрған еді. Екі некесі де ұзаққа созылмады, бұл жайт ел ішінде біраз әңгімеге себеп болған.
Бүгінде өнер иесі шығармашылығын жалғастырып, әлеуметтік желіде белсенді. Оның әрбір пікірі мен жазбасы жұрт назарынан тыс қалмайды.