2 жылдан кейін Қазақстанның барлық жолында интернет болады

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

0 37

Оның сөзінше, инфрақұрылым бөлігінде автомобиль жолдарын интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2024 жылы көшпелі тексеру, дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Нәтижесінде I кезеңде республикалық жолдар бойында 243 антенна-діңгек құрылыстары орнатылады, — дейді ведомство басшысы.

Ол үшін 104 антенна-діңгек құрылыстары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың 100%-ы мобильді интернетпен қамтылады. Осыған байланысты Министрлік антенна-діңгек құрылыстарын салуды бюджеттік қаржыландыруды қолдауды сұрайды, — деді Мәдиев Үкіметте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.