2025 жылғы 24 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің кешенді жоспарына сәйкес,

0 7

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Мойынқұм ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінде
«Адалдық мектебі: ұстаз бен шәкірттің ортақ құндылығы» атты семинар ұйымдастырылды.
Іс шара Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында орындалды.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру, педагогтар мен ата-аналардың тәрбие ісіндегі ынтымақтастығын нығайту.
Семинарға арнайы қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскендер:
▫️ М.Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымы.
Іс-шара барысында ұстаздар адалдық мәдениетін қалыптастырудың өзекті бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты.
Адалдық – адамдықтың айнасы,
тәрбие – ұлт болашағының тірегі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.