25.05.25: Қазақстанда үйлену тойларының жаңа толқыны

0 69

2025 жылдың 25 мамыры — 25.05.25 — күнтізбедегі ерекше күн ретінде Қазақстан халқы арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл күнге үйлену тойларын жоспарлайтын жұптардың саны айтарлықтай артқан. Әсіресе, нумерология мен символизмге сенетін жастар бұл датаның «бақыт пен үйлесімділік әкеледі» деп санайды.

Алматы мен Астанадағы банкет залдары, фотографтар мен видеографтар былтырдан бері алдын ала брондалып қойған. Мамандардың айтуынша, мұндай «символдық күндерде» той саласында сұраныс 2-3 есе өседі. Бұл өз кезегінде бағалардың да күрт көтерілуіне әсер еткен. Бірқатар той агенттіктері бұл күні барлық қызметтің толық брондалып қойғанын мәлімдеді. «25.05.25 — бұл жай ғана әдемі дата емес, ол жұптардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын ерекше етуге мүмкіндік», — дейді той ұйымдастырушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.