27 млн теңге ұрланған. Прокуратура «Каспий» футбол клубын тексерді

0 15

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді, — делінген прокуратураның хабарламасында.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.