«30% энергияны Ресейден аламыз»: Батырбек Құлекеев АЭС салудың тиімділігін айтты

0 51

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын. SERT-INFORM подкастында қоғам қайраткері Батырбек Құлекеев атом электр станциясының маңыздылығын түсіндірді.

«Егер халық қолдап, АЭС салынатын болса бізге не береді? Қазақстанның жері кең, алып болғанымен, өзіміздің пайдаланатын электр энергиясының 70%-ын өзіміз өндіреміз. 30%-ын Ресейден сатып алып отырмыз. Неге баға қымбат? Себебі сырттан импортқа сатып алған соң сатушылар бағаны өздері қояды. Сол себепті бізге қосымша электр қуаты қажет. Ал Екібастұздағы, Тараздағы ТЭЦ-тер мұнаймен, газбен немесе көмірмен жұмыс істейді. Сол себепті АЭС-тің қауіпсіздігі де, күші, қуаты зор»,- деді Құлекеев.

Еске салайық, 6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салу бойынша референдум өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.