34 жастағы ақтөбелік келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді

0 51

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова он екінші баласын дүниеге алып келді,

Сәбидің есімі – Мұхаммед-Әли. Салмағы – 3400 грамм. 16 жасында тұрмысқа шыққан Айым қазір күйеуімен бірге 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр. Отбасы Шалқар ауданы орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 баласы мектепте, 2 бала балабақшада оқып жүр.

Жұбайы он жылдан астам уақыттан бері жеке мекемеде күзетші болып істейді. Сондықтан отбасының негізгі күнкөрісі – балалардың жәрдемақысы. Ал жергілікті әкімдік отбасына ауылға көшуді, үй мен мал беруді ұсынып отыр. Мұндағы мақсат – бала саны азайған ауыл мектебін қолдау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.