Биыл Алматы облысында 4,5 мыңнан аса шетелдік Қазақстан азаматы атанды.
2024 жылы Алматы облысында 4,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Өңірде 73 545 шетелдік тіркеліп, оның 2 639-ына виза берілді. Көші-қон заңнамасын бұзған 9 653 адам жауапқа тартылды, олардың 6 803-і – шетелдіктер, ал 2830-ы – Қазақстан азаматы, — деді облыстық ПД КҚҚБ басшысы Рүстем Жарықбасов.
Оның айтуынша, осы кезеңде елімізден 389 шетелдік шығарылып, 8301 адамға айыппұл салынды, ал 489 адам әкімшілік қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 23 қылмыстық іс қозғалған.
Полиция басшысы көші-қон заңнамасын көбінесе шетелдіктер бұзатынын атап өтті.
2024 жылғы 11 айда 4551 шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Бұл шетелдіктердің елімізде жұмыс істегісі келетінін көрсетеді, — деді Жарықбасов.